Ұстаздардың Тамыз конференциясы өтті (Фоторепортаж)

699

Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал» атты дәстүрлі педагогтардың тамыз конференциясы өтті. Жиынға облыс әкімі Асқар Мырзахметов пен ҚР Парламенті сенатының депутаты Абдалы Нұралиев, облыстық мәслихат депутаттары және білім саласының қызметкерлері қатысты.
Облыстық білім басқармасының басшысы педагогтардың тамыз конференциясында жаңа оқу жылының жаңалықтары мен ескі жылдардың қорытындысы туралы баяндама жасады.
Сондай-ақ, конференция аясында облыстың білім саласындағы жетістіктері мен жаңалықтары туралы көрме қойылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.