Облысқа Алтайдан 600 бас асыл тұқымды сиыр жеткізілді

811

Жыл басында 2018-2027 жылдар аралығында етті мал шаруашылығын дамытуға арналған салалық бағдарлама қабылданып, индикативті көрсеткіштері бекітілген болатын.
Бағдарлама аясында 2018-2024 жылдар аралығында облысқа алыс-жақын шетелдерден 36 мың басқа жуық МІҚ малының аналық басын сатып алу көзделсе, биылғы жылы 1850 бас МІҚ малын алу жоспарланған.
Қазіргі таңда белгіленген межені жүзеге асыруға «АгрофирмаТөрікпен» ЖШС-гі өз үлесін қосып келеді. Бүгін аталған серіктестік Ресей Федерациясының Алтай өңірінен қазақтың Ақбас тұқымының 600 бас МІҚ малын әкелді. 2016 жылдан бері серіктестік тарапынан Ресей Федерациясынан 1 699 бас ет бағытындағы «Қалмақ» тұқымдас асыл тұқымды МІҚ малы әкелінген болатын. Алдағы уақытта серіктестік Ресейден 3 мың бас мүйізді ірі қара малын импорттауды жоспарлап отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.