Эмоционалдық күйреуді болдырмаудың шаралары қандай?

6 511

Эмоционалдық күйреу адам баласы үшін аса қауіпті психикалық жағдайлардың бірі. Сондықтан, оны болдырмау мақсатындағы шараларды қолға алу аса маңызды. Осыған орай Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ЖД-158/2 мекемесінің психологтары «Эмоционалдық күйреу және оны болдырмау шаралары» тақырыбында жиын өткізді.

Эмоционалды күйреуге бейім адамдарды анықтауолармен психологиялық тұрғыда жұмыс жасап эмоционалды күйреудің болдырмау шараларын қарастыруға бағытталған шарада алғашқы психологилық көмек көрсету мәселелері де сөз болды.

Жалпы, Эмоционалды күйреу түсінігі психологияда ұзақ мерзімді өзіндік дәрменсіздік, қажу, әрекетсіздік, күйін білдіреді.

Бұл терминді 1974 жылы американдық психиатр Дж.Х.Фрейденбергер кәсіби көмек кезіндегі толық эмоционалды атмосферада клиенттер мен пациенттермен қарқынды және тығыз қарым – қатынаста болатын сау адамдардың психологиялық жағдайларын сипаттау үшін еңгізген.

Эмоция – әр адамға оған әсер ететін тітіркендіргіш пен өз ісінің нәтижелерінің (қанағат болу, қанағаттандырмау) маңыздылығын бейнелейтін, индивидтың субъективті боялған ой-толқулары түріндегі реакциялар. П.К.анохин жазуы бойынша: «Эмоциялар – айқын бейнеленген субъективті боялуы бар және адамның сезімдері мен ой-толқуларының барлық түрлерін қамтитын (терең жарақаттайтын қиналулардан бастап, қуаныш пен әлеуметтік өмір сезінудің жоғары формаларына дейін) ағзаның физиологиялық жағдайы».

Эмоция түрлері:

  • Эпикритикалық (қыртысты) – эстетикалық, этикалық, адамгершілік сезімдер.
  • Протопатиялық (қыртыс асты) – аштық, шөлдеу сезімін қанағаттандыру, жыныстық сезім.
  • Оң эмоциолар – қуаныш, қанағат болу сезімі.
  • Теріс эмоциялар – ашулану, тітіркену, уайым, мақсатқа жетудегі кедергілердің болуы.
  • Стениялық – мақсатқа жетудегі күшті мобилизациялайтын активті белсенділік, күреске бағытталған сезімдер.
  • Астениялық – төмен белсенділік, сенімсіздік, күдіктену сезімі.

Эмоция бұзылуының симптомдары

  • Эмоционалды көңіл бөлу – әр – түрлі жағдайларға жауап ретінде дамитын жедел эмоционалды реакциялар.
  • Эксплозивтілік – жоғары эмоционалды қозғыштық, айқын аффект көріністеріне бейімділік, күші бойынша адекватсыз реакция.
  • Эмоционалды тоқырау – пайда болған аффективті реакция ұзақ уақытқа бекітіліп, адамның ойы мен қимыл – қозғалысына әсерін тигізетін жағдай.
  • Амбиваленттілік – бір адамға бір уақытта қарама – қарсы сезімдердің дамуы.
  • Сезімдерді жоғалту сезімі – болып жатқан оқиғаларға немқұрайлықпен қарау, психогенді «эмоционалды салдану» кезінде кездеседі.

Көңіл – күй бұзылуының симптомдары

Эмоцияның күшеюімен сипатталатын бұзылыстар:

  1. Гипертимия – жоғары көңілді, қуанышты көңіл – күй, өте жақсы физикалық сезінумен, барлық сұрақтарды шешудегі жеңілілікпен өз мүмкіндіктерін асыра бағалаумен сипатталады.
  2. Эйфория – көңіл – күйдің өте жоғарылуы, рахаттану, жоғары оптимизм, болып жатқан құбылыстарды толық емес бағалау.
  3. Гипотимия – төмен көңіл – күй, уайымдық, өмірге қанағат болмау сезімдері, қазіргі өмір, өткен шақ пен болашақ сұр тонмен бейнеленеді.
  4. Дисфория – өз – өзіне және қоршаған адамдарға деген қанағатсыздылық сезімімен сипатталатын, себепсіз, айқын басталатын көңіл – күйдің ызалы төмендеуі.
  5. Уайым – ішкі тынышсыздық, қайғыны, жаман нәрселерді, катастрофаны күті сезімі.
  6. Эмоционалды әлсіздік – лабилділік, көңіл – күйдің тұрақсыздығы, оның айқын емес құбылыстардың әсерінен күрт өзгеруі.
  7. Ауырсынатын психикалық сезімнің жоғалуы – барлық адамдық сезімдердің (жақындарына деген махаббат, қайғы, қуаныш) жоғалуын қатты уайымдау.

Эмоционалділіктің төмендеуімен сипатталатын бұзылыстар:

  1. Апатия – өзіне, айналасындағы адамдар мен құбылыстарға көңіл бөлмеумен, арман – мақсаттарының болмауымен және толық іссізділікпен сипатталатын эмоционалды – ерікті сфераның бұзылысы.
  2. Эмоционалды монотондылық – эмоционалды суықтық, барлық құбылыстарға, олардың эмоционалды маңыздылығына қарамастан, бірдей, суық көзқарастың болуы.
  3. Эмоционалды қатаю – ең нәзік дифференцияланған эмоционалды реакциялардың жойылуымен сипатталады: деликаттылық, біреудің қуанышына бөлену сезімі жойылып, әдепсіздік, дәрменсіздік дамиды.
  4. Эмоционалды, немесе аффективті, ақылсыздық – эмоционалды реакциялар мен қатынастардың әлсіздігімен, сезімдер төмендеуімен, кейде сезімдердің толық жоғалуымен сипатталатын бұзылыс.

Көңіл – күй мен эмоция бұзылыстары кезіндегі бет бұлшықеттері мимикасының өзгерістері:

  1. Гипермимия – тез пайда болып, жоғалатын аффектілер суретін бейнелейтін, тез ауысатын мимикамен сипатталатын бұзылыс. Мимикалық реакциялар көрінісі жиі өте айқын және бейнелі болып келеді. Бейнелі өзгерістер өте тез, ауыспалы болып келеді, кейбір кезде маниакалды қозуға дейін жетуі мүмкін.
  2. Амимия, гипомимия – мимиканың әлсіреуі немесе мүлде болмауы, депрессивті жағдайларға тән қайғы, немқұрайлық мимикасының тұрақтануымен сипатталады.
  3. Парамимия – мимика мен бейнелеуші қимылдардың жағдайға сәйкессіздігі. Бұл өлікті жерлеу кезінде күлімдеудің, тойда жылау мен немқұрайлық, уайым – қайғы белгілерінің болуымен сипатталады. Кейде ішкі сезімдері сыртқы мимикасына сәйкес келмейді.

Эмоция бұзылуының синдромдары

Депрессивті синдром түрлері:

1.Қарапайым депрессия.

  1. Қозу депрессиясы.

3.Уайым депрессиясы.

  1. Апатиялық депрессия.

5.Жасырын (соматикалық) депрессия.

  1. Депрессивті эквиваленттер.

 

Г. Ибраимова,

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің

ЖД-158/2 мекемесінің аға инспектор психологы,

әділет аға лейтенанты

Leave A Reply

Your email address will not be published.