«Шекарасыз кітап оқу» жобасы аясында үздіктер марапатталды

27

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №67 мекемесінде «Шекарасыз кітап оқу» республикалық жобасы аясында шаруашылық жасағына қалдырылған сотталғандар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға және рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттауға бағытталған тәрбиелік іс-шара қорытындыланды.
Жоба аясында қатысушылар көркем және танымдық әдебиеттерді оқып, шығармалардың мазмұны бойынша пікір алмасып, өз ойларын эссе түрінде жазды. Іс-шара барысында кітап оқудың адамның ой-өрісін кеңейтуге, дүниетанымын дамытуға, құқықтық санасын қалыптастыруға және бос уақытын тиімді ұйымдастыруға ықпал ететіндігі кеңінен насихатталды.
Байқау қорытындысы бойынша қатысушылардың шығармашылық жұмыстары арнайы бағаланып, кітап оқуға деген ынтасы, эссе жазудағы шеберлігі мен белсенділігі ескерілді. Нәтижесінде үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар І, ІІ және ІІІ орындармен марапатталып, оларға Алғыс хаттар табысталды.
Марапаттау рәсімі барысында қатысушылардың кітапқа деген қызығушылығы мен рухани дамуға ұмтылысы жоғары бағаланып, мұндай тәрбиелік жобалардың сотталғандардың қайта әлеуметтенуіне, мәдени және зияткерлік әлеуетін арттыруға оң ықпал ететіні атап өтілді.
«Шекарасыз кітап оқу» жобасы аясында ұйымдастырылған іс-шара сотталғандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, адамгершілік құндылықтарды нығайтуға және бос уақытын мазмұнды өткізуіне мүмкіндік берді.
№67 мекемесінде сотталғандарды тәрбиелеу, олардың рухани дүниесін байыту және қоғамға қайта бейімделуіне бағытталған мәдени-ағартушылық іс-шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.