Халық қалаулылары Сырысу ауданында болды

561

Жамбыл облысына іс-сапармен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Зәуреш Аманжолова мен Бақытгүл Хаменова бүгін Сарысу ауданында болып, бірқатар нысандарды аралап, аймақтың тыныс-тіршілігімен танысты.
Халық қалаулылары әуелі аудан актиімен кездесу жиынын өткізіп, одан соң «Рухани жаңғыру» жобалық офисінде болды.
Аудан аумағында рухани жаңғыру аясында атқарылып жатқан және алдағы жоспарлар бойынша үйлестіруші Дариха Үмбетиярова слайд арқылы, Майра Қозыкеева ауданымыздағы тарихи жерлер географиясын, Нұрсұлтан Совет электронды аялдаманы қалай қолдануға болатынын таныстырып шықты. Басқа да қажетті құжаттарды тексеріп көрген мәжіліс депутаты Зәуреш Аманжолова аудандағы рухани жаңғыру жұмыстарына өте жоғары баға берді. 

Leave A Reply

Your email address will not be published.