Тәрбие тал бесіктен басталады

353

Адам баласының адам болып қалыптасуына, білімді тұлға болып жетілуіне тәрбиенің алатын орны ерекше. Егер бала отбасында жақсы тәрбие алатын болса, өскенде бойына сіңірген тәрбиесінің жемісін берері сөзсіз. Отбасындағы барлық адамдардың іс-әрекеті бала тәрбиесіне бірінші әсер ететін орта.

Тәрбие адам тағдырын шешетін ұлы іс. Осы ұлы істің бастау бұлағы, қайнар көзі – отбасы. Әрбір дүние есігін ашқан сәби, тек қана ата-анасының ғана емес, туған елінің де мақтан етіп, ту көтерер перзенті. Бала тәрбиесіне, келер ұрпақ қай кезеңде болса да, қай елде, қай ұлтта болмасын үлкен мән берілген.Балаларды жақсы не жаман деп бөлмей бірлесіп аяғынан тұруға көмектесу керек. Бау-бақшаны баптап, күтіп суарсаң ғана жемісің көресің. Сол себепті бала дүниеге келген күннен бастап ұлттық тәрбиені санасына сіңіре берсе, өсе келе бала зиянды нәрселерден аулақ болады. Баланың жақсылығын да, жамандығын да, жемісі мен жеңісін де көретін ата-анасы! Қай кезде де болсын, ата-ананың басты арманы – баласының тәрбиелі, ізетті, еңбексүйгіш, ержүрек, қайырымды адам болғаны.Баланың көп уақыты отбасымен бірге өтеді. Сондықтан да, ата-ана балаға үңіле қарап, үнемі бақылап және қадағалап отыруы керек.

Тәрбиенің қиындықтары көп, сол қиындықтардан  қашпаған ата-ана ғана  баласына саналы түрде тәрбие бере алады. Сол үшін де баланың не істеп жүргенін, кіммен ойнайды, қай жерде жүргенін қадағалап, жан-жақты тәрбие беру, оны әрі қарай дамыта білу керек.

Халқымызда«Баланы жастан» дегенсөз бар. Сондықтан датәрбиенің тал бесіктенбасталатынынескерсек, ата-бабаданкележатқанибалық пен инабаттылықты өзіміз түпкіліктітүсініп, балаларымызғасолтәрбиеніңнәрінсіңіребілсек, бұлқазіргізаманда бала тәрбиесіне қосқан біздіңқомақтыүлесімізболыптабылареді. Бүгінгіқоғаммүддесінелайықты, жан-жақтыжетілгенпарасаттыазаматтәрбиелепөсіру—әрбіротбасының, балабақшаның, баршаелдіңміндеті. Бала біздің болашағымыз.

Жанар ТАМАБЕК,

«Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы

Leave A Reply

Your email address will not be published.