Желіде Жириновскийдің қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады

7 214

Ресей либералды-демократиялық партиясы партия мүшелеріне Владимир Жириновскийдің өлімі жайлы жалған қоңыраулар жөнінде түсіндірме жолдады. Мұнда саясаткердің өлімі туралы ақпараттың жалған және негізсіз екені жазылған деп хабарлады РИА Новости.

Мемлекеттік дума депутаты, РЛДП орталық аппараты басшысының орынбасары Сергей Каргиновтің мәлімдеуінше, Жириновскийдің коронавирус жұқтырып, 2 ақпанда аурухаға түскені рас. Оның жағдайы қалыпты деп бағаланған.

«Арандатушылық болды. Түнде хабарласып, Владимир Вольфовичтің өлімі туралы айтқан. Біз ақпараттың жалған және негізсіз екенін түсіндірдік», – деді Каргинов.

Саясаткердің айтуынша, адамдар даурықпай және арандатушыларға ермеуі үшін түсіндірме жұмыстары жүргізілген.

Басылымның мәліметінше, Владимир Жириновский коронавирусқа қарсы 7 рет вакцина алған, алайда өкпесі қабынып ауруханаға түскен. Кейбір БАҚ оның өкпесі 50-75 пайыз қабынғанын жазып жатыр.

Еске сала кетсек, Владимир Жириновский – 75 жаста, Алматы қаласының тумасы. Қазір Ресей Мемлекеттік думасының депутаты.

turkystan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.