Жамбыл облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы өзара ынтымақтастық туралы моморандумға қол қойылды

2 020

«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының ғимаратында «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігі Жамбыл облыстық филиалының директоры Қ.Төлендиев, «Нұр-Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Б.Алдашов, Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы С.Сейдазимов, Жамбыл облыстық Кәсіподақтар Орталығының төрағасы М.Төлепберген, Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Солтыбаев, Жамбыл облысы кәсіпкерлер Палатасының директоры М.Шәкербек, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Р.Төлебаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы өзара ынтымақтастық туралы моморандумға қол қойды.

Меморандумның мақсаты — сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүргізу мәселелерінде ортақ күш-жігерді біріктіруге және қабылданып жатқан іс-шараларға азаматтардың ортақтасу сезімін арттыруға және қоғамның, еңбек ұжымдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруда өзара тығыз серіктестікте болуға бағытталған.

Жиын барысында, сөз сойлеген ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Р.Төлебаев, екінші жыл қатарынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың тұрақты төмендегенін, яғни, олардың саны төрт есеге (23%) қысқарғандығын атап өтті.

Сонымен қатар, арадағы меморандуммен «Жамбыл – адалдық алаңы» аясында өңірлік маңызды салалардағы тұрмыстық жемқорлықты жоюда және азаматтарға қолайлы орта құруда бірге жұмылдырылып жұмыс жасайтындығын айтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.