«Бес рет кіші қажылық жасады»: Назым Қаһарман Бишімбаевтың дінге жақын болғанын айтты

31

Фото Жоғарғы соттан

Назымның айтуынша Бишімбаев ата-анасы секілді дінге жақын болған.

«Білуімше, ол бес рет кіші қажылық жасады. Алайда оған қарап мен дін мен рухани дүниенің екі түрлі нәрсе екенін түсіндім», – деп жауап берді ол.

Сонымен қатар келіншек Бишімбаевтар отбасының діни нанымнан бөлек, көріпкелдерге де жиі жүгінгенін алға тартты.



«Әркез бәрін көбірек білгісі келетін. Басқа адамдардан бұрын бәрін бірінші болып біліп жүруге тырысты. Сол үшін отбасымен бірге көріпкелдерге барды», — деп қосты ол.

Еске салса, бұған дейін Бишімбаев сот отырысында не себепті жедел жәрдем шақырмай, көріпкелге хабарласқанын айтқан еді

http399312/s://stan.kz/news-

Leave A Reply

Your email address will not be published.