Салауатты отбасы – қоғам байлығы

124

Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жастарды отбасылық өмірге дайындау, отбасылық құндылықтарды насихаттау сонымен қатар, салауатты өмір салтын ұстану мақсатында ағымдағы жылдың 10 қыркүйегі күні «Салауатты отбасы – қоғам байлығы» тақырыбында «ZHANUYA»  емханасы мамандарымен бірлесе отырып психологиялық тренинг өткізілді.

Шара барысында жастарға еліміздің болашағы — әрбір адамның денсаулығына байланысты екендігін жеткізу. Өркениетті дамыған қоғамды тек  дені сау адам ғана құра алады деп айтар болсақ, жастарымыздың денсаулығы мықты, рухани дүниесі бай, жаны мен тәні таза, танымдық белсенділігі мен шығармашылық қабілеті ерекше, адамгершілігі мен имандылық қасиеті үйлескен тұлғаларды тәрбиелеу басты міндетіміз.

Салауатты өмір салты нормаларын ұстану әр адамда жеке және қоғамдық құндылықты көрсететін өзінің денсаулығын сақтауға жауапты қарым-қатынасқа тәрбиелеуге ықпал етуі қажет. Салауатты өмір зиянды әдеттермен үйлеспейді. Алкоголь және басқадай маскүнемдікке әкелетін заттар, анаша, шылым шегу салауатты өмір салтын қалыптастыруға жан-жақты кедергі келтіреді. Жастардың салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру арқылы жеке тұлғаның өзін қоршаған жансыз және жанды табиғи ортамен жан – жақты үйлесім тауып, өз ғұмырын отаны, елі, отбасы және өзі үшін барынша пайдалы өткізу дағдысын қалыптастыру, денсаулықтың үйлесімді дамып, сақталуы мен орнығуын қамтамасыз ету мақсатында денсаулықты нығайтуға бағытталған іс – шараларды жүргізу. Біздің тәрбие бастамамыздың негізі салауатты өмірге жас жеткіншектерді баулу, оны қалыптастыру. Жастарымыздың жүзінен күлкі, жүрегінен жалын, саналы сезім төгілсе онда ұрпағымыздың денінің саулығы. Жастардың денсаулығы, жігері, қайраты, білімі егемендігіміздің беделі, еліміздің мақтанышы болмақ.

Сондай-ақ ажырасудың алдын алу мақсатында видеороликтер көрсетіп, жанжалдан шығу жолдары туралы талқыланып студенттер өз ойларымен бөлісті және сергіту сәті ретінде мамандар түрлі жаттығулар жасап, ойындар ойнатылды. Тренинг соңында жастар өз ойларын ортаға салып, жаттығудан алған әсерлерімен бөлісті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.