Отбасы – тәрбие бастауы

9 397

Отбасы-жас ұрпақ тәрбиесінің қайнар көзі. Отбасында өмірдің мәнін оның мақсаты мен міндеттерін,құндылықтарын игереді, басқалармен қарым- қатынас жасау дағдыларын, өмірлік ұстанымдарын қалыптастырады, өзін- өзі ұстаудың нормалары мен мінез-құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді. Демек, отбасы-адам баласының алтын діңгегі, оның адамзат ұрпағына деген ықпалын өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Жас ұрпақты ұлттық құндылықтарымызды бағалауға, оларды сақтай отырып, келер ұрпаққа жеткізуге тәрбиелеу бүгінгі таңның өзекті мәселесі. Отбасы-ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың қайнар көзі, тәрбиенің бастауы, әр үйде балалар санасына ұлттық құндылықтарға деген көзқарастар жүйесін,салт-дәстүрлерді,әдет-ғұрыптарды,даналық сөздерді, тыйым сөздерді,тәрбиелік мәні жоғары үлгілерін сіңіретін де отбасы. Осы тұрғыдан отбасын ұлттық құндылықтарды қалыптастыратын, оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратын ұлттық мәдениетті тәрбие арқылы тасымалдаушы орта ретінде қарастыруға болады.                                                                                                                   Қазіргі заманғы отбасының ұрпақ тәрбиесімен шыңдап айналысуы ата-ананың білім және мәдени деңгейінің жоғары екендігін көрсетеді. Отбасы тіршілігінде ұлттық құндылықтар, салт-дәстүрлер үнемі сақталып отырса,баланың ұлттық сана-сезімі ерте оянады. Баланы қоғамның моральдық нормасын орындауға қатыстыру,оның тәртіп және мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру. Әр көкірегі ояу қазақ баласының ұлттық құндылықтарды меңгеруі оның отбасылық құндылықтарды меңгеруінен басталады. Ұлттық құндылықтар және отбасылық құндылықтар барлық әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың зерттейтін негізгі мәселелерінің бірі болып табылады.

Педагогикалық-психологиялық тұрғыдан алғанда құндылықтар адамның жеке тұлға ретінде өз өміріне деген жауапкершілігін қалыптастыру,рухани әлемін байыту адамдар арасындағы жағымды қарым- қатынастардың маңыздылығын көрсету үшін қолданылады. Егер адам отбасының үлкен құндылық екенін түсініп,ата-ана алдындағы парызын өтеуге бейімделген болса өсе келе ол бұл бағыттың біртіндеп Отан алдындағы борышымен,азаматтық парызына ұласатынын аңғарады. Сондықтан әр ата-ана баланың отбасылық құндылықтарды толық меңгеруіне мүмкіндік жасағаны абзал. Отбасындағы құндылықтарды бағалай алмаса,адам ұлттық құндылықтарды да құрметтемей өтуі мүмкін. «Ел боламын десең,бесігіңді түзе»деген қанатты сөз де осы ойдың дұрыстығын меңзейді. Отбасылық тәрбие арқылы қалыптасатын ұлттық құндылықтарды зерттей келе оларды бірнеше бағыт бойынша топтастырып қарауға болад

Отбасылық тәрбие арқылы балада ұлттық таным жүйелі қаланып ұлттық сана-сезімі қалыптасқан жағдайда ғана ол ұлт мүддесін ойлайтын,елжанды азамат бола алады.Бірақ соңғы жылдары қазақ ұлтының төл тарихында байқалып отырған отбасылық тәрбиедегі олқылықтар мен кемшіліктер ауқымы үлкен ұлттық мәселеге айналуда.Сол мәселердің бірі ретінде ұлттық тіл тағдыры,ұлттық дәстүрлер мен ұлттық құндылықтарымызды дұрыс сақталмауы алаңдатады. Отбасы-қоғамдық жүйенің бір бөлігі. Отбасындағы жақсы қарым-қатынас ұрпақты жалпы адамзаттық құндылықтарды түсінуге жетелейді, өмірдің қыр-сырын танытады, жауапкершілікке, адалдыққа, ойшылдыққа әдептілікке баулиды. Тәрбиелі білім қазына,тәрбиесіз білім-қасірет екендігі баршамызға мәлім. Сондықтан кез келген сатыда тәрбиелі білім беру-міндеттіміз. Тәрбие жұмысын ұйымдастыру барысында ұлттық салт- дәстүр, рухани адамгершілік құндылықтарын дамыта тәрбиелеуді ұстанамыз. Ұрпақ тәрбиесі бір күндік немесе бір уақытта аяқталатын әрекет емес, тәрбие отбасынан басталады,өмір бойы жалғасады. Бүгінгі таңдағы отбасы тәрбиесінде қоғам ата-аналарға үлкен жауапкершілік жүктеп отыр. Бүгінгі тәрбие берудің негізгі міндеттерінің өзі ең алдымен дені сау,ұлттық сана сезімі оянған, ар-ожданы мол, парасатты, еңбекқор бойында басқа да ізгі қасиеттері қалыптасқан адамды тәрбиелеу-деп көрсетілген Қазақстан Республикасының тәлім-тәрбие тұжырымдамасында Отбасы тәрбиесінің негізі мәні отбасындағы өзара ынтымақтастық пен түсіністік болып табылады. Ұрпақ ата-анасының еңбектегі ісіне көңіл бөліп,оны түсінуге тырысады. «Тәрбиесіз берген білім қауіпті», – деген екен әл-Фараби. Технологияның дамып, әлемдік жаһандану үдерісі кезінде білім беру жүйесіне ұлттық инновацияны енгізу керектігін көпшілік мойындап отыр. Қоғамға қызмет ететін болашақ жеткіншектерге сапалы білім мен өнегелі ұлттық тәрбие беру – ұстаздар қауымының басты парызы. Ұлттық тәрбиені ұлттық сана-сезімі жоғары болашақ маман жастарды тәрбиелеуге негізделген білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде қарауға болады. Ол үшін ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын, ұлттық құндылықтар мен жалпыадамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын толық кемелді, ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеуді мақсат етіп алуымыз жөн. Әрине, тәрбие жалаң болмауға тиіс. Жалаң тәрбие қауқарсыз. Кез келген адамды тәрбиелеудің ұлттық негізі болуы керек. Сонда ғана тәрбие шынайылыққа айналады. Тәрбиенің мақсаты – елдік сананы қалыптастырып, ұлттық рух пен ұлттық патриотизмді негіздеу, ұлтсыздықпен күресу болса керек. Сондықтан тәрбиенің жүзеге асуының технологиясы қалай дегенде де ұлтымызға ұстын, болашағымызға тұғыр болатын ұлттық тәрбиеде жатыр деп нық сеніммен айта аламыз .

 Отбасы- оқыту мен тәрбие жұмысының серіктесі. Себебі,ұрпақ тәрбиесінің отбасында,білім ордасында,қоғамда нәтижелі болуы осындай ынтымақтастыққа негізделеді. Отбасы-адам тұрмысын ұйымдастырудың қайнар көзі, ол материалдық және рухани үдерістерімен сипатталады. Жас ұрпақтың әлеуметтеніп,тәлім-тәрбие алып,өсіп-өнетін негізгі институты.тал шыбықтай жас ұрпаққа бесіктен бастап берілген тәлім-тәрбие, ұстаным-тәртіп қағидалары есейгенде оның мінез –құлқының, сана-сезімінің,ар-ождан намысының темірқазығына айналады. Данышпан Абай былай дейді: «Балаға көбіне үш алуан түрлі мінез жұғады:біріншісі-ата-анадан,екіншісі-ұстаздан,үшіншісі-құрбысынан». Сондықтан қаншалықты шаршап-шалдығып жүрсе де ата-ана ұрпақ тәрбиесін ұмытпауы тиіс. Ұрпақ-әр жанұяның бақыты. Олай болса,өз бақытымызды бағалай білейік. Ата-ана, ұстаз, қоғам-үшеуі, тәрбиеге болар басты өлшем. Бір тұтасып,біріктірсе күштерін тәрбиенің үш мектебі адамның мінез-құлқын қалыптастырып, адамгершілік болмысын жетілдіреді.Адамның кім болмағы ата-ана,ұстаз қоғамға ғана тәуелді емес,ол адамның өзіне байланысты. Бірақ адамның бірден жеке тұлға болып қалыптасуы мүмкін емес.Ұрпақ тәрбиенің үш сатысы негізінде өсіп, жетіледі.Олар:ой саулығы,жан саулығы,тән саулығы. Жақсы қасиеттер кез-келген адамның жан дүниесінен табылады. Тек оны уақытымен анықтап, өрісін кеңейте білу керек. Ұрпақ дүниеге келісімімен өзін-өзі тануға икемсіз. Сондықтан ұрпақтың бойындағы қасиетті дұрыс қалыптастырып тәрбиелеу ата-ананың міндеті.Отбасы адам баласының өсіп-өнер ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы отбасында өтеді. Ұрпақ өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштары-тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі. Ата-аналардың ұрпақтарының алдында олардың денсаулығының дұрыс жетіліп өсуін қамтамасыз ету, тәрбие беру, үй болып, аяққа тұрып ел қатарына қосылып кетуін қамтамасыз ету сияқты міндеттерін орындауы,ал ұрпақтары алдында ата-анасын қамқорлыққа алып, сүйеніш болуы секілді міндеттері ұштасып жатады. Тұғыры берік елдің отбасы да берік болады,отбасы қазығы нық қағылса,шаңырағы берік тәрбиеленер ұрпағы да өнегелі болмақ дегім келеді.Қай қоғамда өмір сүрмейік,ұрпақ-ол біздің болашағымыз,жарқын күндеріміз. Сондықтан болашағымызды қазіргі сәттен жақсы тәрбиелесек,ертеңгі күнімізге сеніммен басуға болады деп нық айта аламыз.

Ф. Кулен,

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша

педагогикалық қызметкерлердың біліктілігін арттыру институтының тренері

Leave A Reply

Your email address will not be published.