Облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірлесе №58 Түзеу мекемесінде спорттық іс-шаралар жүзеге асты

66

2024 жылы Облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментімен бірлескен жоспарға сәйкес, №58 Түзеу мекемесінің «Сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмысы жөніндегі» бөлімінің бастығы әділет майоры Е.Н.Набатовтың және мекеме қызметкерлерінің ұйымдастыруымен №58 мекемесінде жазасын өтеушілер арасында «Қол күрес, арқан тарту, гір көтеру» ойындарынан мәдени-спорттық іс-шаралары өткізілді. Аталған іс-шараларға Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілдері қатысты.
Жарыстың мақсаты — сотталғандардың салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру және ұйымшылдық пен ынтымақтастықты қалыптастыру, зияткерлік спорт түрлеріне деген қызығушылықты арттыру. Адам денсаулығын нығайтуға ықпал ететін адамзаттың ұлы өнертабысы болып табылады. Ғасырлар бойы бұқаралық спорт түрлері халықтар арасында достықты нығайтуға ықпал етіп келеді. Ойын қорытындысында қызықты да тартысты өткен жарыстардың жеңімпаздары анықталып, түрлі дәрежелі дипломдар табысталып, мекеме бастығының қаулысымен марапатталуға ұсынылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.