Үздік мемлекеттік қызметшінің ата-анасына алғыс

361

Өркениетке бет алған  кез-келген мемлекеттің ең басты тірегі, ұлы мақсат жолындағы идеясы мен саясатын алға апарушылардың бірі де бірегейі мемлекеттік қызметкер екені даусыз ақиқат.

Сол себепті, ұлт мәртебесін ұлықтайтын, ел абыройын асқақтататын мемлекеттің қызметшісі атану мәртебелі міндет болып табылады.

Мемлекеттік қызметші — ізгі істердің флагманы, қоғамның қорғаушы күші.

Осы орайда біз Досбол ауылдық округі әкімі аппаратының бөлімше басшысы Әмірбек Ордабаевтың шаңырағында болып, ата-анасына облыс әкімінің алғыс хатын табыстадық.

Мемлекеттік қызметкер Әмірбектің ата-анасына тәрбиелі ұл, адал, еңбекқор маман болып қалыптасуына қосқан үлесі үшін аудан әкімінің ризашылығын білдірдік.

Алғыс хатта: — Сіздердің тәрбиеңізді көрген жас әріптесіміз  биліктің биік бейнесін паш етіп, үнемі іскерлік қабілет көрсетіп келеді. Жаңа Қазақстан құруда өз қызметін жоғары кәсіби деңгейде мүлтіксіз атқаратын осындай жалынды жастарға сенім артамыз. Осындай  білікті де білімді, мәдениетті де жігерлі ұрпақ тәрбиелегендеріңіз үшін Сіздерге шын жүректен алғыс айтамын. Шаңырағыңыздан лайымда құт-береке арылмасын!,-делінген.

Сарысу Ауданының Әдеп Уәкілі

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.