САРЫСУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

214
Аудан басшысы Сәкен Үмбетұлы №364 сайлау учаскесінде таңдауын жасап, дауыс берді.
«Аудан орталығы Жаңатас қаласының жарқын болашағы үшін дауыс бердім. Келесі әкіммен бірге қаланы көркейтіп, жұмыс орындарын көптеп ашып, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту ортақ міндетіміз. Бұл жұмыс осыған дейін де жақсы жүргізілген, алда жоспарлар мен міндеттер бар. Мен өз азаматтық борышымды орындадым. Бүгінгі сайлау қаламыз үшін өте маңызды», – деді өз таңдауын жасаған әкім.
❗№364 сайлау учаскесі Ш.Уәлиханов мектеп-гимназияның ғимаратында орналасқан, 2534 сайлаушы бар.
✅Сарысу ауданы әкімдігінің Баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.