Жастар марапатталды

53
Бүгін Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің аудандық және қалалық Жастар ресурстық орталықтарының ұйымдастыруымен 2023 жылдың қорытындысы бойынша әр салада үздік нәтиже көрсеткен жастар марапатталды.
Аудан әкімі Бақытжан Оразалыұлының қатысуымен «Shu zhastar» атты үздік жастар премиясы өтті. Шара барысында аудан әкімі аудан жастарының атқарып жатқан жұмыстарына оң баға беріп, жыл қорытындысы бойынша бірқатар жастарды марапаттады.
Нақтырақ айтқанда, жыл үздіктері «Үздік жас педагог» номинациясының иегерлері Рахманқұл Ақжүніс және Жетпісбай Тұтқабай, «Үздік жас медицина маманы» номинациясымен Әшірбаева Индира, “Үздік жас құқық қорғау қызметкері” номинациясымен Жақсылықов Бегалы, “Үздік жас мемлекеттік қызметкер” номинациясымен Төреқұл Тұрар, “Үздік жас кәсіпкер” номинациясымен Шаймерденов Айбек, “Үздік жас журналист” номинациясымен Асқарбек Айғаным, “Үздік жас жастар ісі жөніндегі маман” номинациясымен Қиябай Жалғас және Бадаев Мұхтар, “Үздік жас теміржолшы” номинациясымен Жамбершиев Серік, “Үздік жас мәдениет қызметкері” номинациясымен Тулешова Эльмира, “Үздік жас құтқарушы” номинациясымен Пермебаев Марлен, “Үздік жас боксшы” номинациясымен Әлкен Мағдислан, “Үздік жас футболшы” номинациясымен Узтемиров Қайсар, “Үздік жас көкпаршы” номинациясымен Әуес Темірлан, “Үздік жас волейболшы” номинациясымен Бөкен Елжан марапатталды.
Ұйымдастырушылар тарапынан үздік атанған жастарға арнайы диплом, бағалы сыйлықтар мен наградалар табыс етті.

Шу Жастары

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.