ҚАРЖЫГЕРЛЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

111
Биыл ұлттық валюта — Тенгенің қолданысқа енгеніне – 30 жыл.
1993 жылы қарашаның 15 күні Теңге қаржы нарығына айналымға енді. Бұл күн төл теңгеміздің туған күні, әрі қаржыгерлер күні болып белгіленді. Осы күні мемлекетіміздің мәртебесі тағы бір дәлелденіп, абыройымыз асқақтап, еліміз төл теңгені қолына ұстады.
Сонымен қатар, биыл қазынашылық жүйесінің құрылғанына да 30 жыл толып отыр. Осы мерейлі белесте Қазақстан қазынасы бюджетті пайдалану жүйесіндегі қуатты буынға айналды.
Осы айтулы мерекеге орай, бүгін аудан әкімі Сәкен Мамытов аудандағы қаржы саласының қызметкерлерін қабылдап, төл мерекелерімен құттықтады.
Өз сөзінде «Мемлекеттің дәйекті де сындарлы саясатының арқасында ұлттық волюта егемендіктің символына айналып, тәуелсіздігіміздің тұғырын одан әрі нығайта түсті. Бүгінгі таңда Теңге өзінің мәртебесін сақтап, Қазақстанның қуаттылығын нығайтуға үлесін қосуда. Сала қызметкерлерінің кәсіби біліктілігінің арқасында маңызды жобалар жүзеге асырылып, сала мамандары ел дамуына өзіндік үлестерін қосуда. Мерейлі мереке күні қарсаңында қаржы ісінің барлық қызметкерлерін, осы маңызды саланың өсіп-өркендеуіне ат салысқан ардагерлерді кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймын», — деген аудан басшысы кәсіби мереке иелеріне зор денсаулық, мол табыс, қаржыгерлік қызметте үлкен жетістіктер тіледі.
Ауданның қаржы саласының дамуына үлес қосып, жемісті еңбек етіп келе жатқан бір топ сала қызметкерлері «Сарысу ауданына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, аудан әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаттармен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.