Шымкентте 43 әйел «жезөкше» есебіне қойылды

29

Фото: Shutterstock

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, «Stop-трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасына Шымкент қаласы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының барлық жеке құрамы жұмылдырылды.

Тәртіп сақшылары қала аумағында рейдтік іс-шаралар жүргізіп, әуежай, темір жол вокзалы, жалдамалы пәтерлер мен ойын-сауық орталықтарына, сауналар мен фермаларға тексеру жұмыстарын жүгізді.

Нәтижесінде, екі күн ішінде жезөкшелікпен айналысуға үй-жай ұсынудың 8 дерегі анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабымен хаттама толтырылды. Сондай-ақ, әкімшілік кодекстің 449-бабы «Қоғамдық орындарда тиісу» бойынша 48 тұрғын жауапқа тартылса, 43 әйел «жезөкше» есебіне қойылды.

«Бүгін профилактикалық шараның соңғы күні. Десек те, тәртіп сақшылары аталған қылмыспен күрес жұмыстарын одан әрі жандандыра бермек. Адам саудасы қылмысының куәсі немесе құрбаны болған жағдайда бірден 102 арнасына хабарласыңыздар» — делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.https://stan.kz/shimkentte-43-ayel-zhezokshe-esebine-koyildi-388272/

Leave A Reply

Your email address will not be published.