Демалыс күндері еліміздің басым аймағында үсік жүреді

71

Болжам бойынша, елімізде үсік жүреді, тұман түсіп, қар аралас жаңбыр жауады.

«Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, түнде оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қар аралас жаңбыр жауады. Оңтүстікте, солтүстік-батыс, оңтүстік-шығыста – екпінді жел, орталықта – бұршақ, батыста, солтүстік, солтүстік-батыста, орталықта – тұман болжанды», — деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Орталықта, шығыста, Қызылорданың оңтүстігінде, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл, Түркістан, Қарағанды ​​облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

«Ақмола облысының солтүстік-шығысында және Қарағанды ​​облысының солтүстігінде топырақ бетінде -1°C үсік жүреді», – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

16-18 қыркүйекте республиканың басым бөлігінде ылғалды қар, бұршақ жаууы мүмкін.

https://stan.kz/news-388271/

Leave A Reply

Your email address will not be published.