Әкелер күніне арналған тағылымды кездесу өтті

63
21 маусым — Әкелер күніне орай, Жамбыл облыстық поляк тілі мен мәдениеті орталығының «Полонез» және Тараз қалалық өзбек этномәдени орталығы жанындағы Аналар кеңестерінің бастамасымен тәрбиелік маңызы зор кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шара Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасына қарасты арнайы мектепте өтті. Кездесудің негізгі мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, әкенің отбасындағы орны мен жауапкершілігін насихаттау, өскелең ұрпаққа өнегелі тәрбие беру болды.
Кездесуге Жамбыл облыстық поляк тілі мен мәдениеті орталығының «Полонез» Аналар кеңесінің төрайымы Аракси Плетнёва, Тараз қалалық өзбек этномәдени орталығының Аналар кеңесінің төрайымы Лобар Гаюпова, орталық ардагері Абдурахман Зайнутдинов және дзюдо жаттықтырушысы Ермек Әлжанов қатысты.
Шара барысында қонақтар әкенің отбасы өміріндегі рөлі, ұлттық және отбасылық құндылықтарды сақтау, бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі туралы өз ойларымен бөлісті. Сондай-ақ олар өмірлік тәжірибелерінен мысалдар келтіріп, жастарды үлкенді құрметтеуге, отбасы бірлігін сақтауға және адамгершілік қасиеттерді жоғары бағалауға үндеді.
Кездесу еркін пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауаптар берілді. Іс-шара жылы әрі достық атмосферада ұйымдастырылып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Шара соңында мерекелік дастарқан жайылып, қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды.
Leave A Reply

Your email address will not be published.