KazSat батареясының қуаты бітіп қалған: Телеарналардың не себепті істемей қалғаны анықталды

102

Фото ашық деректен алынды

«Бүгін Ай мен Жердің көлеңкелі аумақтарынан ұзақ уақыт өту кезінде KazSat-3 байланыс аппараты батареялар блоктарының заряды бітіп қалды», — деп хабарлады ведомство.

Салдарынан спутниктік телерадио хабарларын таратып, спутниктік деректерді беретін қолданыстағы сервис уақытша тоқтап қалды.

«Қазіргі уақытта «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ ұлттық операторы ғарыш аппаратын жасаушы «Академик М.Ф.Решетнев атындағы ақпараттық спутник жүйесі» АҚ-мен бірлесіп, аталған сервистерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр», — делінген хабарламада.

Айта кетсек, «Қазтелерадио» АҚ қазақстандық KazSat-3 спутнигіндегі төтенше жағдайға байланысты OtauTV пакеттеріндегі кейбір қазақстандық және шетелдік телеарналар жұмыс істемей тұр.

«Қазір «Қазтелерадио» АҚ Ғарыштық байланыс орталығымен бірлесіп KazSat-3 қызметін қалпына келтіру үшін жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл ретте KazSat-2 желісін пайдаланатын мемлекеттік телеарналар әдеттегідей хабар таратады. Барлық 567 радио-телевизиялық станция KazSat-2 резервтік жерсерігінен телеарналарды қабылдап, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таратады», — деген болатын «Қазтелерадио» АҚ баспасөз қызметінен.

https://stan.kz/kazsat-batareyasinin-kuati-bitip-kalgan-telearnalardin-388273/

Leave A Reply

Your email address will not be published.