Павлодарда зейнеткер алып қияр өсірді

66

Pavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, Павлодар ауданы Ольгинка ауылында «Үй жанындағы бақша» көрме-байқауы өтті.

84 жастағы ауыл тұрғыны Нина Кривич «Көкөніс» номинациясында жеңімпаз атанды.

Оның жеке учаскесінде екі алып қияр өскен. Біреуінің салмағы –  1,8, екіншісі – 1,4 келі.

«Бұл қияр маған қыс бойына жетеді!» –  деп әзілдейді зейнеткер.

«Менің учаскемдегі жидектер мен жемістер» номинациясында 87 жастағы Екатерина Крисанова жүлдегер атанды. Ол қазылар алқасына өз учаскесінде өсірілген жемістер мен жидектердің тоғыз түрінен тұратын компот ұсынды.

 

https://turkystan.kz/article/235094-pavlodarda-zeynetker-alyp-iyar-sirdi

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.