«Атымды Октябрь деп қойған»: Өктем Алтаев шын есімнің тарихын айтты

169

Әнші, сазгер Өктем Алтаев «Ұйқым келмейді» бағдарламасында өзінің азан шақырып қойған есімін және оның тарихын айтып берді.

«Менің азан шақырып қойған атым – Октябрь. Әкем Қазығұрт аудандық «Қазығұрт тынысы» дейтін газетте жауапты хатшы болып жұмыс істеп жүргенде редакция алқасы жиылып, атымды Октябрь деп қойған. Мұның қазан айына ешқандай қатысы жоқ. 1960 жылы Совет одағының 24 үздік спортшылары тізіміне енген, қазақ волейболының атасы Октябрь Жарылқапов деген кісі болған. Сол кісінің құрметіне менің атымды Октябрь деп қойды. Ол кісі 37 жасында қайтыс болып кеткен екен. Октябрь Жарылқапов қайтыс болған соң алматылық «Буревестник» командасы Кеңестің чемпионы болады. Бір жылдан кейін Еуропа чемпиондар лигасын ұтып алады. Октябрь Жарылқапов деген кісі жұмбақтау болып жатыр, көпшілік біле бермейді. Сол кісіге қарап, менің атымды Октябрь қойған.

Бала кезде мектепке жаңадан мұғалім келеді. Көбіне Алматыдағы педагогика институтын бітіріп, ауылға қыздар келеді. Барлығы журнал бойынша оқушылармен танысады. Маған келген кезде «Атың кім?» деп сұрағанда, «Октябрь» деп жауап бергенде бәрі таңғалатын. Ол кісі менімен танысып, бізге 1-2 ай сабақ беріп жүреді. Содан ауылдың бір жігіті оны алып қашып кетеді. Орнына жаңадан қыз келеді. Тағы өзімді таныстырамын. Үшіншісінде өзім ыңғайсызданып, ұяла бастадым. Бәрі таңғалады. Менің әжем менің атыма тілі келмей, «Өктем» деп атайтын. Әжем кішкентай кезімде қайтыс болып кетті. Неге мені Өктем деп атағанын білмеймін. Маған көбі Өктем деген қазақтың аты емес деп айтып жатады. Жақында Қазақстанда Өктем деген атпен сегізінші бала дүниеге келді. Сөйтсем, Өктем деген Алланың 99 атының ішінде 16-шы реттік нөмірде тұрған есімі екен», – деп тағы есімінің тарихымен бөлісті Өктем Алтаев.

 

https://turkystan.kz/article/235093-atymdy-oktyabr-dep-oy-an-ktem-altaev-shyn-esimni-tarihyn-aytty

Leave A Reply

Your email address will not be published.