«Нұр-Сұлтан – арман қала!»

224

Отанымыздың жүрегіне, тәуелсіздігіміздің тірегіне баланған астанамыз жыл өткен сайын сәулеті де, дәулеті де өркендеп, әлеуметтік-экономикалық, саяси-мәдени орталық болып қалыптасып, барша қазақстандықтардың мақтанышына айналды. Қазақ елінің бас қаласын бүгінде бүкіл әлем танып отыр. Келешекке қол созған жастар жаңа астанаға ағылды. Сөйтіп, бар қазақтың бас қаласы болған астана арман қалаға айналып шыға келді.

Тұғыры биік Тәуелсіздіктің 30 жылдығында ел мақтанышына айналған Елорданы арман еткен жастардың қатысуымен 2021 жылдың 6 шілде күні Б.Момышұлы ауылының Орталық саябағында «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыруымен талантты жастардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау және өз белсенділіктерін көрсету мақсатында «Нұр-Сұлтан арман қала!» атты сурет салу байқауы өтті.

Байқауға ауданның 19 жас суретшілер қатысты. Байқауда жас суретшілер «Нұрсұлтан арман қала!» тақырыбында сурет салды. Төремуратов Қойшыбай, Тажимуратов Пердеғали төрешілік еткен байқаудың ережесіне сәйкес 50 минут ішінде өз қабілеттерін суретпен көрсете білген жастар арасында жүлделі ІІІ орынға Амин Жұлдызай және Тансикова Мөлдір жайғасса, Мамбетова Маншук ІІ орын иегері атанды, байқау жеңімпазы болып Есбаева Саяжан танылды. Байқауға қатысқан барлық жас суретшілерге ұйымдастырушылардың атынан алғыс хаттар және дипломдармен қатар ынталандыру сыйлықтары табысталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.