«Әке – асқар тау, ана – мөлдір бұлақ, бала – жағадағы құрақ!»

521

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды» деп ұлттық жаңғырудың негізгі алғышарттарын айқындап берді. Демек көне дәуірлерден бастау алатын, өзінің тарихи тәжірибесінен, игі салт, ізгі дәстүрлерінен мүлдем қол үзген қоғамда жаңғыру немесе жаңару мүмкін емес. Халқымыздың осындай тамыры терең кеткен, тарихымен бірге жалғасып келе жатқан рухани байлықтарының бірі отбасы құндылықтары. Тіпті біздің рухани құндылықтарымыздың негізі де осы отбасылық дәстүрімізде жатыр десек қателеспеген болар едік.

Халқымызда «Отан отбасынан басталады» деген қарапайым қағидат қай дәуірде болсын өзгерген емес, өзгермек те емес. Елбасы «Отбасы – Қазақстан қоғамының діңгегі, экономикадағы, мәдениеттегі, әлеуметтік саясаттағы барлық жаңа жетістіктерінің негізі» деп бұл мәселенің біздің қоғам үшін маңызын көрсетіп берді. Осы ұғымдарды негізге ала отырып, Қордай ауданының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен аудан жастары арасында «Әке – асқар тау, ана – мөлдір бұлақ, бала – жағадағы құрақ!» тақырыбында Қордай ауданы мешітінің наиб имамы Құттыбаев Дәурен Нұржанұлының қатысуымен кездесу өткізілді.

Кездесуде бүгінгі буынның отбасылық дүниетанымын, сүйіспеншілік қасиеттерін, рухани және адамгершілік,отбасы құндылықтары мен салт-дәстүрлеріне деген олардың азаматтық, саналы қатынастарын қалыптастыру, ата-анаға деген махаббат пен құрмет сенімдерін тәрбиелеуге бағытталған маңызды мәселелер қаралды.

Жиын соңында жастардың көкейінде жүрген сауалдарына наиб имам жауап беріп, еркін форматтағы ой алмасуға өрбіді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.