Жас тарландар сынға түсті

233

Жамбыл ауданы әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-де Қазақстан Республикасыныңтәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастырумен «Ұлы дала тарландары» атты Жамбыл ауданы әкімінің кубогы үшін 2000-2006 жылы туылған жастар арасындағы көкпар турнирі өткізілді.

Іс-шараның мақсаты ұлттық спортты дамыту, жастарды спортқа баулу және салауатты өмір салтын ұстануға шақыру және жастарды отан сүйгіштікке жастар арасында достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында ұйымдастырылды.Турнирге өтінім берген командалар  арасындағы кездесу жеребе тарту арқылы анықталып олимпиядалық жүйеде өткізілді. Көкпарға ауылдық округтерден 8 команда қатысса (атап айтар болсақ) Өрнек,Бірлесу-Еңбек, Аса, Шоқай, Тастөбе, Жамбыл, Еңбек, Бектөбе ауылдарыөзара бақ сынасты. Турнир шымылдығын ашқан Өрнек және Асаауыл командаларының кездесуі тартысты өтіп, Өрнек командасы жеңіске жетті.

Турнир қорытындысы бойынша 3 орынды Бірлесу-Еңбек ауылы жеңіп алса, 2 орынды Шоқай ауылына бұйырса, Өрнек ауылы турнир жеңімпазы атанды.

Турнир жеңімпаздарымен үздіктер деп танылған командалармен шабандоздар бағалы сыйлықтармен естелік дипломдармен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.