«Кеңес беру орталығы» тұрғындарды қабылдауға дайын

458

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің «Азаматтық бақылау» жобасы аясында «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филалы мен «Жамбыл облыстық қоғамдық бақылау және мониторинг орталығы» қоғамдық қоры арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, ағымдағы жылдың шілде – қараша айлары аралығында Тараз қалалық №1 Халыққа қызмет көрсету орталығы мекемесінің фоесінде «Кеңес беру» орталығын ашу туралы шешім қабылданды. Бүгінгі таңда кеңес беру орталығында қала тұрғындарына кеңес беру үшін 20 мекемеге ұсыныс берілген. Қазіргі таңда Тараз қалалық қоғамдық кеңес, Жамбыл облыстық нотариаттық палатасы, Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы, Жамбыл облыстық кәсіподақтар орталығы, Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы, Үкіметтік емес ұйым өкілдері, Тараз қалалық мәслихатының депутаттары, Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы, Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы, Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы, Тараз қалалық әділет басқармасы, Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы, Жамбыл облыстық адвокаттар алқасының өкілдері желілік кестеге сәйкес Тараз қаласы, Қойгелді көшесі 158А мекен-жайнда орналасқан №1 Халыққа қызмет көрсету орталығы мекемесінің фаесінде «Кеңес беру» орталығына келіп, өз саласы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Бүгінгі таңда кеңес беру орталығының жұмысы бір жүйеге қойылған. Халыққа қызмет көрсету орталығына келген тұрғындар кеңес беру орталығы туралы хабардар. Кез-келген сұрақтары және өтініштері бойынша кеңес беру

орталығындағы маманға жолдай алады. Кеңес беру орталығы күнделікті сағат: 11.00-13.00 аралығында жүргізіледі.

Жоба барысында кеңес беру орталығына түрлі кемеме өкілдеріне 95 адамнан өтініш келіп түсті. Өтініштерге негізінен мамандар тарапынан ауызша түсіндірмелер берілді. №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында кеңес беру орталығынына кеңеспен қатар құқықтық тұрғыда материалдық тұрғыда көмек беруін сұрап келген тұрғындарда болды. Атап айтар болсақ 5 адам «Нұр Отан» партиясына, мәслихат депутаттарына жазбаша түрде өтініш білдіріп, бесеуінің де мәселесі оң шешімін тапты.

Кеңес беру орталығында кеңес берушілер, кеңес алушылар туралы, кеңес беру беру орталығында қойылған сұрақтар, өтініштер, арыстар туралы, оларға берілген жауаптарды тіркеу бойынша қор тарапынан журнал әзірленген болатын. Журналдың түпнұсқасы қорытынды шығармашылық есепке қосымша тігілетін болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.