«Сыбайлас жемқорылқты жалпыға бірдей қабылдамау – бірлік пен тұрақтылық кепілі» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті

733

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің «Азаматтық бақылау» жобасын іске асыруға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберiнде «Жамбыл облыстық қоғамдық бақылау және мониторинг орталығы» қоғамдық қоры Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық хатшылығымен бірлесе отырып, облыстық келісім үйінде «Сыбайлас жемқорылқты жалпыға бірдей қабылдамау – бірлік пен тұрақтылық кепілі» тақырыбында өткізілген «дөгелек үстел» отырысын ұйымдастырып, өткізді.

Іс-шара барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы М.Нәлібаев, департамент маманы А.Ерлан, Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі М.Қожаева және бірқатар облыстық этномәдени орталық өкілдері сөйз сөйлеп, облыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан жұмыстарға өз ойын білдіріп өтті.

Іс-шара барысында департамент тарапынан дайындалған арнайы роликтер көрсетіліп, жиналған қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың зияны түсіндіріліп өтті.

Жалпы іс-шараға 80 адам қатысты

Leave A Reply

Your email address will not be published.