Дәстүрлі емес діни ағымдар идеологиясын таратуға жол бермеу жөнінде семинар сабақ өтті

145
Ағымдағы жылдың 13 қаңтар күні Жуалы аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі және №7-өрт сөндіру бөлімі бірлесіп, Ауданының бас имамы Асхат Аманжолұлы және Жамбыл облысы «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ нің Жуалы ауданы бойынша инспекторы Абделиев Рамазан Маратбекұлының қатысуымен мемлекеттік мекемелерде дәстүрлі емес діни ағымдардың идеологиясын таратуға жол бермеу жөніндегі семинар сабақ өтті.
Семинар сабақ барысында қатысушылар мемлекеттік мекемелерде дәстүрлі емес діни ағымдардың идеологиясын таратуға байланысты мәселелерді талқылады. Қатысушылар дәстүрлі емес діни ағымдардың әрекеттері, олардың азаматтарға теріс ықпал етуі, өз қатарларына қосу үшін жастарды тарту әдістері туралы мағлұматтар берді. Сондай-ақ, біздің еліміздегі азаматтардың террористік актілерді жасау үшін әр түрлі елдерге шығулары туралы статистикалық деректер келтірілді.

 

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті

Leave A Reply

Your email address will not be published.