ЕҢБЕГІ АБЫРОЙ БИІГІНЕ КӨТЕРДІ

136
Әркез ашықтық пен қарапайымдылықты қызметінде ту еткен Сәкен Қаланұлының осы бір қасиеті көптің сыр сандығында сол бір аяулы қалпында қала бермек. Сан тараулы қызметінде аналарға, қазына қарияларға құрмет көрсетуге ылғи уақыт тауып, жастарға қолдауын аямайтын Сәкен Қаланұлының еңбегі бүгінде абырой биігіне көтерді.
Ауылдарға өткен жиында көпшілік алдында айтылған ұсыныстары бойынша уәде беруді әдет еткен Сәкен Қаланұлы жыл ішінде сол бір талап-тілекті орындауға күш салды. Орындады да. Маңғаз дала — Мойынқұм, Жампоз ақынның есімін иемденген Жамбыл жерін, Шырайлы Шу өңірін басқарған жылдары да жоғарыдағы қасиетінен танбай, бар біліктілігі мен қайрат-жігерін елге арнады. Сол бір қасиет Парламент Сенатында да өзгермейтініне сенімдіміз.
Әрқашан абырой биігінде болып, ел сенімінің үдесінен шыға беріңіз Сәкен Қаланұлы!

Ақжігіт Жетпісбай 

Leave A Reply

Your email address will not be published.