Баян Алагөзова зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге арналған орталығына марқұм енесінің есімін берді

107
Жақында белілі продюсер Баян Алагөзова отбасындағы зорлық-зомбылыққа душар болған әйелдер мен балаларға арналған оңалту орталығын ашады. Бұл туралы ол инстаргам әлеуметтік парақшасында мәлім етті.

Продюсер орталыққа марқұм енесінің есімін берген. Жақында ашылатын «Клара» оңалту орталығы жүзге жуық әйел мен баланы қабылдауға дайындық үстінде.

«Өздеріңіз білесіздер, мен көп сұхбаттарымда зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдер мен балаларға арналған оңалту орталығын ашатынымды айтып жүрмін. «Клара» оңалту орталығы, бұл менің жұбайымның анасының есімі. Анамыздың бізге көктен қарап, игі істерге ақ батасын береді сенемін. Міне, көптен күткен орталық жұмысын бастауға дайын. Қоғам болып, нөлдік төзімділікке жету үшін барлық күш-жігерді жұмсауымыз тиіс. Жалпы біз құтқаруға емес, бақытты отбасыға орталық ашуымыз қажет»,-деді ол.

Баян Мақсатқызы видеода көрсеткендей, орталықтың іші кең, жарық, жайлы. Сондай-ақ мұнда  білікті психологтар, заңгерлер, медицина қызметкерлері, тәрбиешілер, оқытушылар жұмыс істейді.

«Зорлық-зомбылыққа жол жоқ. Барлық әйелді құтқаруға бола ма? Білмеймін, әйтеуір бұл мәселеге қатысты қоғамның ойы мен көзқарасын өзгертуге болады»,-деді Баян Мақсатқызы.

 

jambylinfo.kz.

Leave A Reply

Your email address will not be published.