«Егемен елімді жырлаймын» атты аудандық мүшайрасы өтті

146

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Аудандық мәдениет үйінде «Егемен елімді жырлаймын» атты аудандық мүшайрасы өтті.

Мүшайраны Аудандық мәдениет үйінің әншісі Қ.Әбдіқадыров жүргізді. Мүшайраны «Мойынқұм таңы» газетінің бас редакторы С.Әбілов ашып берді. Мүшайраға қатысқан жас ақындар: К.Қойшығұл Көкжелек ауылдық округі, Ж.Ерболұлы Кеңес ауылдық округі, Н.Қияш Биназар ауылдық округі, М.Карагасекова Мыңарал ауылдық округі, А.Сатылған Қылышбай ауылдық округі, Е.Есқара М.Жұмабаев мектеп-лицей, С.Сәкен Жамбыл мектеп-гимназия, А.Кәрібай Жамбыл мектеп-гимназия, А.Бекбаханбет Жамбыл мектеп –гимназия, Ж. Төркінбаева М.Жұмабаев мектеп-лицей, Г.Жұмасилова М.Жұмабаев мектеп-лицей, М.Күнту Жамбыл мектеп-гимназиясы. Мүшайраға баға берген әділқазы алқалары: Мойынқұм таңы газетінің бас редакторы С.Әбілов , Ардагер ,кітапханашы Г.Нарбаева, Мойынқұм ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің бас маманы А.Алимов, аудан әкімінің кеңесшісі Е.Аббасов. Мүшайра екі кезеңнен өтті. Бас жүлдені алған Биназар ауылдық округінің жас ақыны Н.Қияш болса, бірінші орынды М.Карагасекова, екінші орынды КА.Кәрібай Жамбыл мектеп- гимназиясы, үшінші орынды иеленген К.Қойшығұл Көкжелек ауылдық округінің жас ақыны жеңіп алды. Төрт аталған ақындарға бағалы сыйлықтар берілсе, қалған қатысушыларға «Алғыс хат» марапаттары берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.