Жаңатас тұрғындары тегін Wi-Fi пайдаланады

803

Жергілікті билік қала күніне орай жаңатастықтар үшін тегін Wi-Fi орнатып берді, — деп хабарлайды Сарысу ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап «08info» ақпарат агенттігі.

Салтанатты іс-шарада аудан әкімі Балабек Нарбаев Жаңатас тұрғындарын қала күнімен құттықтап, шаһар шырайы одан әрі көркейе түсетінін жеткізді.

Осынау мерейлі күнге орай, «Еңбек ерлері» аллеясы мен орталық алаң аумағында қала тұрғындары үшін тегін ашық Wi-Fi қосылды. Мереке эстрада өнерпаздарының концертінемен жалғасып, отшашуға ұласты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.