«Суицидтің алдын алу және заң мен тәртіпті сақтау» тақырыбында профилактикалық шара өтті

38

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №25 мекемесінде мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, әділет подполковнигі Н.М.Каипов пен  режим және жедел жұмыстары жөніндегі орынбасары, әділет подполковнигі  Е.Е.Төребектің жетекшілігімен арнайы контингент арасында «Суицидтің алдын алу және заң мен тәртіпті сақтау» тақырыбында профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы мен Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің 2025-2027 жылдарға арналған өзара іс-қимыл жоспарына сәйкес өткізілді. Оған №5513 әскери бөлімінің әскери қызметшілері мен мекеме психологтары қатысты.

Кездесу барысында құқық бұзушылықтардың, төтенше жағдайлардың және суицидтік мінез-құлықтың алдын алу мәселелері жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ профилактикалық есепте тұрған сотталғандардың мінез-құлқына ерекше назар аудару, олармен психологиялық-профилактикалық жұмысты күшейту және заң мен тәртіп талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бағытында нақты тапсырмалар берілді.

Мекеме психологтары сотталғандардың психологиялық жай-күйін тұрақтандыру, күйзеліске төзімділігін арттыру және қиын өмірлік жағдайларда дер кезінде психологиялық көмекке жүгінудің маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара соңында Әскери қызметкерлерге заң талаптарын қатаң сақтау, құқықтық тәртіпті нығайту, өзара құрмет пен жауапкершілік қағидаларын ұстану қажеттігі түсіндіріліп, осы бағыттағы профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру жөнінде шешім қабылданды.

Маржан Сейдуллаева,
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті қарасты
№25 мекеменің аға инспектор-психологы, әділет майоры 

Leave A Reply

Your email address will not be published.