Жамбылдық журналистер арнайы семинарға қатысты

574

Бүгін облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасы және Қазақстан Ұлттық Телерадиохабар Таратушылар Ассоциациясының ұйымдастыруымен «БАҚ туралы заңнамаға қатысты жаңа ережелер және журналистің қызметі» атты семинар өтті, – деп хабарлайды «08info» ақпарат агенттігі.

Жиын БАҚ басшылары мен медиа заңгерлердің және журналистердің құқығын жоғарылатуға бағытталды. Онда Журналистің құқықтары мен міндеттері, ақпараттың дұрыстығын тексерудің тәсілдері, ақпарат алу жолдары және журналист сұранысын жасау сынды мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, қатысушыларға сұраныстарға жауап алу, журналистік өнімнің құқығы мен талаптары, теріске шығару және жауап алгоритмі секілді ұғымдар төңірегінде түсініктемелер беріліп, баспасөз хатшысының негізгі міндеттері туралы әңгіме өрбіді.

Семинар қатысушыларына Қазақстан Ұлттық Телерадиохабар Таратушылар Ассоциациясының Бұқаралық ақпарат құралдарына қолдау көрсету орталығының заңгері Салтанат Қалдыбекова дәріс жүргізді.

Басқосу соңында қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.