Мұхамеджан Тазабековтың ұстазы бас жүлде алды

734

Астана қаласының 20 жылдығына орай өткен облыстық ақындар айтысы мәресіне жетті. Қазылар алқасының шешімімен Жамбыл ауданының ақыны, Мұхамеджан Тазабековтың ұстазы  Айтмұханбет Исақов бас жүлде иегері атанды.

12 жұп өзара мықтыны анықтаған аламанның алғашқы кезеңінде А. Исақов Алтынкүл Қасымбековамен кездескен. Әділ қазылар алқасының шешімімен келесі кезеңге өткізілген бас жүлде иегері Нұрлан Жұмабековпен айтысты. Ал, ақтық кезеңде Т. Рысқұлов ауданының намысын қорғаған Асхат Қылышбекпен айтысқан ақын бас жүлдеге лайық деп танылды.

Ал, бірінші орынды Асхат Қылышбек қанжығалады.

Естеріңізге сала кетейік, «Асқақтай бер, Астана!» облыстық ақындар айтысы Шу ауданының орталығы Төле би ауылында өткен болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.