Жамбылда 78 кәсіпорын “Қазақстанның үздік тауары -2018” өңірлік көрме-байқауына қатысты

611

Бүгін “Тараз Арена” спорт кешенінде Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен  «Қазақстанның үздік тауары -2018» өңірлік көрме-байқауы өтті. 

Байқаудың мақсаты – кәсіпорындар жұмысының белсенділігін арттыру, отандық тауарлардың сапасын жақсарту, нарықты бәсекеге қабілетті өнімдермен толықтыру.

Байқау «Өндірістік мақсаттағы ең үздік тауарлар», «Халыққа арналған ең үздік тауарлар» «Ең үздік азық-түлік тауарлары» аталымдары бойынша өткізілді. Бүгінде Жамбыл облысының 78 кәсіпорны байқауға қатысуға өтініш білдірді.

Байқауға қатысушы кәсіпорындар өнімін құрамында Жамбыл облысы кәсіпркерлер палатасының, «НаЦЭкС» АҚ ЖФ, Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының, Жамбыл облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті тағам объектілеріне санитариялық-гигиеналық бөлімі, «Нұр Отан» ХДП мамандары шағын және орта бизнес жұмысшыларының облыстық комитет кәсіподағы бар сарапшы топ бағалады.

«Қазақстанның үздік тауары -2018» өңірлік көрме-байқауында өндірістік, киім-кешек, жиһаз өнімдері және тағы басқа да тауарлардың түрі көпшілік назарына ұсынылды.

Сарапшы топ көрме-байқауға қатысушылар ішінен үш аталым бойынша таңдаған 9 кәсіпорын  республикалық байқауда облыс намысын қорғайтын болады.

Фото: zhambylnews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.