Шу ауданында “Мемлекеттік қызмет” жәрмеңкесі өтті

512

Шу ауданында жергілікті тұрғындар үшін  «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» жәрмеңкесі өткізілді. 

Онда аудан тұрғындарына заңгерлік кеңестер беріліп, электронды түрде көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі түсіндірілді. Іс-шара Жамбыл облысы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  ұйытқы болуымен өтіп отыр.

Сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жер, тұрғын-үй, сәулет және құрылыс, салық, көші-қон, жұмыспен қамту салалары болып саналады. Осы себептен, бұл жәрмеңкеге қатысуға жоғарыда аталған мемлекеттік органдар таңдалған.

Жәрмеңкеге қатысушылардың көбі тұрғын-үйге, балабақша кезегіне тұру, жеке электронды кілт алу, жұмысқа орналасу сынды мәселермен келген. Тиісті мамандар  тұрғындардың сауалдарына заң талаптарына сәйкес жауаптар берді.

ZhambylNews

Leave A Reply

Your email address will not be published.