Таразда “Тілдер саябағы” әлеуметтік жобасы бастау алды

657

Таразда тұңғыш рет     «Тілдер саябағы» әлеуметтік жобасы бастау алды.

Қала тұрғындарына 2 айлық курс барысында  еркін бағдарламамен ағылшын тілін меңгеруге тамаша мүмкіндік туып отыр.

Екі ай көлемінде ұйымдастырылатын тілдер жобасының  атқаратын жұмысы да еселі болмақ. Белгіленген мерзімде Тараз қаласының 200 -ге тарта тұрғыны оқытылмақ.

Оқыту жұмыстары қала аумағында орналасқан саябақтарда жүргізіледі. Аптаның  бес күнінде, яғни дүйсенбі мен  сенбі күндері аралығында Жеңіс және Т.Рысқұлов саябақтарында ағылшын тілі  үйретіледі.

Айта кетейік, білім беру уақыты күндізгі 11.00-ден, кешкі 20.00 ге дейін жалғасады.

Аталған тіл меңгеру жобасына тіркелушілер саны да көп. Олардың  дені жастар. Бірі қызығушылық танытып келіп  отырса, енді бірі  алға қойған мақсатын жүзеге асыру үшін жаңа мүмкіндік екенін айтады.

Арнайы қала тұрғындарына ұйымдастырылған «Тілдер саябағы» жобасына кез-келген жастағы азамат   қатыса алады.

ZhambylNews

Leave A Reply

Your email address will not be published.