Пробация қызметкерлері қайырымдылық жасады

408

Тараз қалалық №1,2 және Қордай аудандық пробация қызметінің қызметкерлері қиын, әрі жауапты күнделікті жұмыстарынан бөлек, әрдайым көпбалалы, аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларына қолдау көрсетіп, демеушілік жасайды.

Қазіргі таңда әлемді дүрліктірген індетке байланысты елімізде карантин жарияланып, жұмыс орындары тоқтап, біраз отбасы табысынан айырылғаны белгілі. Күнделікті тұрмысқа қажетті азық–түліктерге мұқтаж жанұялар бар.

Осы тұста, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті пробация қызметінің қызметкерлері “Біз біргеміз” акциясы аясында Тараз қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған бірнеше азаматтың отбасына және ерікті жастармен бірлесіп Қордай ауданындағы көпбалалы сондай-ақ әлеуметтік жағдайы төмен бірнеше жанұяға бірінші кезекте, қажетті азық–түліктер таратып, жәрдем етті. Осылайша, пробация қызметкерлері тарапынан тағы бір ізгі амал жасалды.
Жәрдемге ие болғандар ризашылықтарын білдіріп, пробация қызметкерлеріне жұмыста табыс тіледі.

Жанар Айтбаева,
Тараз қалалық №2 пробация қызметінің инспекторы,
әділет лейтенанты

Leave A Reply

Your email address will not be published.