Аудан тұрғындарына Елбасы мақаласы түсіндірілді

964

Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты Ақыртөбе ауылдық округінде «Тұғыры биік туған жер» атты «дөңгелек үстел» отырысы өтті. Жиынға студент жастар, ауыл тұрғындары және мемлекеттік қызетшілер қатысты.

Басқосу «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында тұрғындармен және жастармен кездесе отырып түсіндірме жұмыстарын жүргізуді мақсат етті.

Жиын барысында аталмыш мақала бағыттарын түсіндіру арқылы, ондағы негізгі идеяны жеткізу, тарихтан, діннен, мәдениет және өткениеттен сыр шерткізу бойынша жұмыстар жүргізілді.

Шараға «Жамбыл облыстық қоғамдық бақылау және мониторинг орталығы» қоғамдық қорының өкілі, Ақыртөбе ауылдық округі колледжінің директор орынбасары, Ақыртөбе ауылдық округі әкімшілігінің жастар маманы мен өкілі қатысты. «Дөңгелек үстел» барысында сөз алған аталмыш колледж директорының орынасары студенттердің аталмыш мақала аясында іс-шараларға қатысып, белсенділік танынып жүргенін баса айтты.

Келесі шара Тереңөзек ауылдық округінде жалғасын тапты. Онда ауылдық округ әкімшілігі ғимаратында өткізіліп, аталмыш іс-шараға ауыл тұрғындары, ауыл ақсақалдары мен жастары жиналды. Ауыл ақсақалдарының алғы сөзімен басталған іс-шара барысы арнайы Тараз қаласынан шақыртылған маман сөзімен жалғасты. Арнайы қонақ ретінде іс-шараға  А. Есбергенов шақыртылған болатын. Сонымен іс-шараға ауыл ақсақалы Ә.Нұрмаханбатов және ауылдық әкімшілік маманы М.Әлімбек қатысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.