⚜️ШАЛҒАЙ АУЫЛДАҒЫ ШЕШІМІН КҮТКЕН МӘСЕЛЕЛЕР ТЫҢДАЛДЫ

43
▪️Аудан әкім Бақытжан Жәнібеков күні кеше аудан орталығынан шалғай орналасқан Прудхоз бөлімшесінің тұрғындарымен кездесіп, мұндағы мәселелерді ауылдықтардың өзімен бірге талқылады.
▪️Балуан Шолақ ауылдық округіне қарасты бөлімшеде бүгінде 20-дан аса түтін тұрады. Мойынқұм ауданымен шекаралас орналасқан бөлімшенің тұрғындары тұтас елді мекенге қатысты бірқатар мәселелерді атап өтті.
▪️Дәлірек айтсақ, ауыл жастары газ мәселесінің шешімін таппай отырғанын айтса, ақсақалдар ауылдағы жол мен жайылымға байланысты түйткілді жеткізді. Сонымен бірге, аудан орталығынан алшақ орналасқандықтан бұл ауылға жедел жәрдем көлігінің жетуі де үлкен мәселеге айналған көрінеді. Аталған мәселелердің бірқатары, нақтырақ айтқанда ауылдың бір көшесіне жол салуға қатысты түйткіл басқосу барысында шешімін тапса, енді бірі алдағы жұмыс жоспарына енгізілді.

 

Шу ауданы әкімдігі

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.