ТАҒАЙЫНДАУ✅

57
Қорғаныс министірінің бұйрығымен Жандос Серікұлы Абиев Шу аудандық қорғаныс істері бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалды.
Жандос Серікұлы 1985 жылы 29 желтоқсанда Жамбыл облысы Меркі ауданы Меркі ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары.
2017 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «Тарих, құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша, 2019 жылы Халықаралық гуманитарлық — техникалық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2007 жылы Жамбыл облысы Меркі ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің АӘД шақыру тобы бастығының көмекшісі болып бастаған;
2008 жылдан бастап – Жамбыл облысы Меркі ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскерге шақыру және әскери емес дайындық тобы бастығының аға көмекшісі;
2008 жылдан мусым айынан бастап – Жамбыл облысы Меркі ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің келісім-шарт және шақыру бойынша әскери қызметшілерді қабылдау бөлімшесі бастығының көмекшісі;
2013 жылы келісім-шарт бойынша әскери қызметке шақырылды.
2013 жылдан – Жамбыл облысы Жаңатас қаласының қорғаныс бөлімінде келісім-шарт және шақыру бойынша әскери қызметшілерді қабылдау бөлімінің бастығы;
2015 жылдан — Жамбыл облысы Меркі ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің келісім-шарт және шақыру бойынша әскери қызметшілерді қабылдау бөлімшесінің бастығы;
2017 жылдан – Жамбыл облысы Меркі ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бөлімше бастығының орынбасары – жұмылдыру бөлімшесінің бастығы;
2018 жылы — жұмылдыру бөлімшесінің бастығы — Жамбыл облысы Меркі ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығының орынбасары;
2021 жылыдан бүгінгі күнге дейін Ақмола облысы Атабасар және Жакин аудандарының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы қызметін атқарған;
Үйленген, 4 бала тәрбиелеуде.

 

Шу ауданы әкімдігі

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.