Жол апатынан қаза тапқан жасөспірімнің әкесі жүргізушіні атып кетті

59

Дағыстанда 14 жасар ұлын қағып өлтірген жүргізушіге берілген тым жеңіл жазаға наразы әке сотталушы мен адвокатты атып кетті. Бұл туралы Aikyn.kz жазды.

Life.ru сайтының мәліметінше, 15 наурыз күні Ноғай аудандық сотында жасөспірімнің өліміне әкеп соқтырған жазатайым оқиғаға қатысты қылмыстық іс қаралды. Өткен жылғы мамырда 21 жастағы жүргізуші мопед тізгіндеген 14 жастағы оқушыны қағып кеткен. Бала алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды.

Сот жүргізушіге мынадай үкім шығарды: бір жарым жылға бас бостандығын шектеу. Марқұм жасөспірімнің әкесі үкімге наразы болып, сотталушы мен оның адвокатын дәл сот ғимаратының сыртында атып тастаған. Екеуі де сол жерде көз жұмды.

Атқан адам ұсталып, айғақ беруде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.