ҚАЖ қызметкерлері Ұлттық киім күнін атап өтті

41

18 наурыз – Ұлттық киім күні. Ғасырлар бойы қазақтың ұлттық киімі қарапайым әрі әдемілігімен ерекшеленіп келді. Ұлттық киім үлгісінде пайдаланылатын былғары, жүн, киіз, мата сияқты табиғи материалдар адамға жылулық пен жайлылық сыйлаумен қатар, киім иесінің атақ-дәрежесін, байлығын көрсететінін де айта кеткен жөн. Ұлттық киім күні бұл салада жаңашыл көзқараспен шығармашылық тұрғыда дәстүр мен стильді ұштастыруға ынталандыратын түрлі фестиваль, байқаулар ұйымдастыруға мүмкіндік беріледі. Мұндай іс-шаралар ұлттық мәдениетті сақтауға және насихаттауға септігін тигізіп, халық мұрасының маңыздылығын еске түсіріп, бірлігімізді арттыра түседі деген үміт бар.
Әз-Наурызды тойлауға арналған он күнде еліміздің барлық өңірінде ұлттық киімдерімізді насихаттауға бағытталған түрлі іс-шаралар өтіп жатыр. Аталған іске Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекеменің ұжымы да өз үлесін қосты. Мекеме қызметкерлері айшықты күнге орай ұлттық нақыштағы киімдерді киіп, кестеленген, оюланған бешпет, қамзолдарымен жұмыста жүрді. Осылайша бейресми мереке жүзеге асты. Бұл, әрине, дәстүрге деген құрмет.

Leave A Reply

Your email address will not be published.