Жеңілдіктер мен жобалар сәтті іске асырылуда

2 383
Облыстық әлеуметтік оңалту орталығында облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеровтің төрағалығымен кеңес отырысы өтіп, онда күн тәртібіндегі бірқатар мәселе қаралды.
Кеңес отырысында Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 2023 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы және 2024 жылға қойылған міндеттері туралы басқарма басшысы Еркін Келесов пен облыс әкімдігі еңбек инспекциясы басқармасының 2023 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы және 2024 жылға қойылған міндеттері туралы басқарма басшысы Жарылқасын Айтақов баяндама жасады.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша сөз алған Еркін Егембердіұлы Президент тапсырмасына сәйкес 10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орын ашу мақсатында 13454 жұмыс орнын ашуы
жоспарланғанын, есепті кезеңге 15036 жаңа орын ашылғанын, 21045 адам жұмысқа орналастырылғанын айтты.
2023 жылы Ұлттық жоба аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 66202 адам тартылып, көрсеткіш 122,2 пайызға орындалған.
Оның ішінде бос жұмыс орындарына 36018, алғашқы жұмыс орындарына 574, әлеуметтік жұмыс орындарына 1072 азамат , жастар практикасына 3047 түлек, ақылы қоғамдық жұмыстарға 10256 жұмыссыз тартылған. «Күміс жас» жобасына 800, Ұрпақтар келісімшартына 29, жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес оқыту курстарына 973, жұмыс берушінің жұмыс орнында оқыту курстарына 432 адам, онлайн оқытуға 2682 адам, «Бастау бизнес курстарына» 9274 адам жолданып, 1045 адам мемлекеттік грант алған.
Жұмысқа орналастырудың жылдық жоспары 45253 адам болса, есепті кезеңге 51796 адам жұмысқа орналастырылып, жоспар 114,5 пайызға орындалған. Сонымен қатар тұрақты жұмысқа 36018 адам жолданып, көрсетуіш 113,5 пайызды құраған.
Басқарма басшысының айтуынша, 2024 жылы жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 60622 адамды тарту жоспарланса, оның 31746-ы тұрақты жұмыс орындары болмақ.
2024 жылы «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша онлайн оқыту курстарымен 9075 адамды қамтып, 1008 адамға 400 АЕК мөлшерінде мемлекеттік қайтарымсыз гранттарды беру жоспарланған.
2024 жылдың 1 қаңтарына атаулы әлеуметтік көмек 7940 отбасындағы 42222 адамға төленді.
Өткен жылғы есепті мерзіммен салыстырғанда АӘК алушылар 1279 отбасы 6076 адамға немесе 12,6%-ға төмендеді.
АӘК алушы отбасылардағы 13344 балаға 1 жастан 6 жасқа дейінгі әрбір балаға қоса алғанда ай сайынғы қосымша төлем берілген.
АӘК алушылар қатарындағы еңбекке жарамды мүшелерінен 8986 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылған.
Ал 2024 жылы атаулы әлеуметтік көмекпен 55423 адамды қамту жоспарлануда, барлығы 4842,9 млн.теңге қарастырылған.
АӘК алушы отбасылардағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі әрбір балаға қоса алғанда қосымша төлемге 915,4 млн.теңге қаржы қарастырылып, 15786 баланы қамту жоспарлануда.
Бүгінде облыс бойынша 45715 мүгедектігі бар адам тіркелген (оның ішінде 1-ші топтағылар – 4424 адам, 2-ші топтағылар — 16756, 3-ші топтағылар — 17636 адам, 18 жасқа дейінгі мүгедектер саны – 6899 адам).
2023 жылы әлеуметтік қызметтер ұсыну порталында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жеке абилитациялау және оңалту бағдарламаларының орындалуы 97,9%-ды құрап отыр (жылдық жоспар – 90%). Порталда 27089 өтініш тіркеліп, 26512 өтініш қанағаттандырылды.
2024 жылы әлеуметтік қызметтер ұсыну порталында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жеке оңалту бағдарламаларын 95,0%-ға орындау жоспарланып отыр.
«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша Жол картасының 84-тармағына сәйкес 2024 жылы стандарттарға сәйкес келетін бейімделген объектілердің үлесі шамамен 80%-ды құрауы тиіс. Осыған байланысты 2024 жылы Тараз қаласы мен аудандарда 259 нысанды бейімдеу жоспарлануда.
Кеңесте Еркін Егембердіұлы 2023 жылы Тараз қаласында 150 орындық мүгедектігі бар адамдарға оңалту және бейімдеу көпсалалы орталығының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілгенін, 120 орынды «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы (ардагерлерге арналған) және 110 орындық «Аутизмі бар балаларды қолдау» орталығы ашылып, жұмыстарын атқарып жатқанын да тілге тиек етті.
Алқа мәжілісінде Шу ауданы Мансап орталығының директоры Ержігіт Омбаев, Тараз қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Гауһар Олжабаева, №2 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығының директоры Мұрат Берделиев, Аутизмі бар балаларды қолдау орталығы орталығының директоры Рашида Каримованың есептері тыңдалып, сұрақтар қойылды.
Жиынды қорытындылаған Н.Календеров жұмыспен қамту, түрлі жеңілдіктер мен жобалардың сәтті іске асыру бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.
Жамбыл облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.