Таразда тазалық жұмыстары қарқынды

133
Көктемнің жайма-шуақ кезеңіне бір айдан аз ғана уақыт қалды. Сондықтан қалада қарбалас тірлік басталып, округтерде арық-атыздарды тұрмыстық қалдықтардан тазалау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Возможно, это изображение 2 человека и текст «лжабай кенжебек машбайулы TURA исмаил кайрат эблханулы»Дәл қазір №3 округ бойынша сенбілік жұмыстары жанданып, коммуналдық сала мамандары күш біріктіруде. Міне, осы және өзге де мәселелер Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте күн тәртібіне көтеріліп, талқыға түсті.Возможно, это изображение 6 человек
Жалпы округтердегі тазалық жұмыстары шаһар басшысы Бақытжан Әмірбекұлының назарынан бір күнге де тыс қалмаса да әлі шешімін таппаған мәселелер баршылық. Возможно, это изображение 3 человекаӘсіресе, жеке бизнес нысандарынан шығарылатын тұрмыстық қалдықтарға жіті қадаға қажет. Сондай-ақ тал кесу жұмыстары тұрғындардың шағымын туғызуда. Бұдан бөлек, қалада заңсыз дүгіршектерді орнату тыйылар емес. Осыған орай қала әкімі Бақытжан Орынбеков заңсыз орнатылған барлық дүңгіршектің жұмысын тоқтатуды жауапты сала мамандарына тапсырды.
Аппараттық кеңесте сөз алған Тараз қаласы әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Жандос Ордабаев 2024-2025 жылдарға арналған «Халық қатысатын бюджет» жобасын Тараз қаласында жүзеге асыру мақсатында жобаны ұйымдастыру туралы ережесі, сараптамалық кеңес құрамы және жұмыс алгоритмі туралы баян етті. Алайда жобаны жұртшылық толықтай түсінбеуде. Бұл мәселеге жіті назар аударған шаһар басшысы баянды бастаманы бұқараға жан-жақты жеткізуді тапсырды.
Жиында бұдан бөлек нан бағасын тұрақтандыру, қаңғыбас иттердің санын азайту, «Мейірім» жобасын жандандыру, қала аумағындағы мал басын түгендеу, Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толуына орай шаралар жоспарын бекіту сынды мәселелер де қаралып, нақты тапсырмалар берілді.

Тараз қаласының әкімдігі

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.