«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының жұмысы жүйелі

185

– Серікбол Қайратұлы, әңгімемізді өңірдегі жастардың хал-ахуалынан бастасақ. Жалпы Жамбылда неше жас бар?

– Өңірдегі жастардың саны 255 мыңды шамалайды. Ал бұл жалпы тұрғындардың 22 пайыздан астамын құрайды. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, кейінгі буынның 95 мыңнан астамы қалада, 160 мыңнан астамы ауылдық елді мекенде тұрады.

Жастар арасында қоғамдық-саяси ақуал тұрақты. Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін жан-жақты жағдай жасалуда. Олармен аудандық және Тараз қалалық жастар ресурстық орталығы тұрақты жұмыс жүргізуде. жастар ресурстық орталыңтары еліміз бойынша алғаш рет біздің облысты негізін қалап, республикаға үлгі ретінде ұсынылғаны барша жастар саясаты саласындағы азаматтарға белгілі.

– Жастарды жұмыспен қамту мәселесінің күн тәртібінен түспейтінін білеміз. Басқарма тарапынан аталған бағытта қандай шаруалар атқарылуда?

– Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2021 жылдың ІІ тоқсанына 2,9% немесе 7 401 жасты құрады. Ал, NEET санатындағы жастардың үлесі 2021 жылдың ІІ тоқсанына 7,4% немесе 18 887 жасты құрады.

Есепті кезеңде 17 290 жас жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды. 2021 жылдың 1 қазанындағы мәліметтерге сәйкес 9 572 жас ваканттық бос жұмыс орындарына орналасса, 443-і қысқа мерзімді кәсіби курстарында оқытылды, 1 603 түлек жастар тәжірибесіне жолданып, 250-і әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды, 2 404-і ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды,
1 547 жас «Бастау бизнес» жобасы бойынша оқыды, 236-сы шағын несие және 1 378 жас қайтарымсыз грант алды.

         Жыл басынан бері облыс бойынша 37 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтіп, оларға 2 298 адам қатысты, оның ішінде 708-і жастар. Жәрмеңкелердің нәтижесінде 608 адам тұрақты жұмысқа орналасуға мүмкіндік алса, олардың 212-і жастар.

– «Жасыл ел» еңбек жасағы да біршама студенттердің азын-аулақ табыс табуына септігін тигізуде. Бұл орайда не айтасыз?

– Дұрыс айтасыз. Биыл «Жасыл ел» еңбек жасағына 53,4 млн теңге қаралды. Бұл сомаға мыңға жуық жұмыссыз, NEET санатындағы жастарды маусымдық жұмыстарға тартылды.

2021 жылдың наурыз айында басталған «Жасыл ел» еңбек жасағына 52,7 млн теңгеге 1 мыңнан аса жұмыссыз, NEET жастар маусымдық жұмыстарға тартылды. Бүгінгі күнге 1 756 жас жұмыс атқарды.

Өткен жылы «Жасыл ел» еңбек жасағына жергілікті қазынадан 63 млн теңгеге жуық бөлініп, 1 039 азамат маусымдық жұмыстарға тартылған. Олардың айлық жалақылары 42,5-60 мың теңге шамасында болған-тұғын. Сонымен қатар өткен жылы жасақ жұмысын жыл бойы тұрақты түрде ұйымдастыру үшін бюджеттен қосымша 26 млн теңге қаражат қаралып, 412 жасты маусымдық жұмыстарға тартқанбыз. Студенттік құрылыс жасақтары арқылы 84 білімгерді жазғы еңбек маусымында құрылыс жұмыстарына кіргізген едік.

– Әр ауданда, қалада «Жастар ресурстық орталықтары» мен ұйымдар жұмыс істейді. Олардың жұмысына тоқталсаңыз.

Облыстағы 12 жастар ресурстық орталықтары қызмет атқаруда. Онда жалпы саны 335 маман қызмет атқарады.

Жыл басынан бері жалпы саны 6 516 шара (қала — 530, ауданда — 5 986) өткізіліп, оған 153 493 адам (қала — 16 459, аудандар — 137 034) қамтылды.

«Рухани-адамгершілік» бағыты аясында барлығы 22 670 адамды қамтыған 1 174 іс-шара, «Әскери-патриоттық» бағыты аясында барлығы 7 382 адамды қамтыған 348 іс-шара, «Спорттық» бағыт бойынша барлығы 15 933 адамды қамтыған 506 іс-шара, «Мәдени-шығармашылық» бағыты аясында барлығы 21 279 адамды қамтыған 765 іс-шара, «Құқықтық» бағыты аясында барлығы 14 927 адамды қамтыған 684 іс-шара, «Дін» бағыты аясында барлығы 12 162 адамды қамтыған 532 іс-шара, «Психологиялық-танымдық» бағыты аясында барлығы 15 540 адамды қамтыған 607 іс-шара, «Жастарға кеңес беру» бағыты аясында барлығы 17 768 адамды қамтыған 680 іс-шара, «Экологиялық мәдениет» бағыты аясында барлығы 10 863 адамды қамтыған 550 іс-шара, «Этносаралық келісім» бағыты аясында 5 503 адамды қамтыған 288 іс-шара, «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» бағыты аясында барлығы 9 426 адамды қамтыған 382 іс-шара өткізілген.

– Жастармен жұмыс істеуде қандай қиындықтарға тап болдыңыз?

 — Біз тікелей жұмыс жасайтын жастар ақыл тоқтатқан, нақты не қалайтынын біледі, өздігінен шешім қабылдай алады. Ал жастардың NEET санаты бар. Міне, солармен жұмыс жүргізуде қиындықтар туындайтыны рас. Олар еш жерде жұмыс жасамайтын, оқымайтын жастар. Олардың өмірлік мақсаттары мен болашаққа деген жоспарлары жоқ десекте болады. Біздің жұмыс оларды оңтайландыру, қоғамға бейімдеу. Мамандық таңдауына, жұмысқа орналасуына ықпал ету. Осы мақсатта нақты индикаторлар көрсетілген іс-шаралар жоспары бекітіліп, қарқынды жұмыстар жүргізіліп келеді. Есепті кезеңде 16 бос жұмыс орындарының жәрмеңкелері ұйымдастырылып, 655 жас жұмысқа орналасты, оның ішінде NEET санатындағы — 51, пробация тізімінде тұрған — 61 жас қамтылды.

– Болашаққа деген жоспар туралы айтып өтсеңіз.

— Жалпы басқарма басшысы ретінде дәл қазіргі жоспарым «Әулиеата жастары» жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламасының жобасын бекіту және іске асыру. Осылайша өңір жастарының тұрғын үймен қамтамасыз етілуіне жағдай жасау.

Сонымен қатар, жастарға бейімделген, заманауи жастар орталығын қалыптастыру. Үстіміздегі жылы облыс әкімі Б.Сапарбаевтың қолдауымен көлемі 2800 шаршы метрлік ғимаратты жастар орталығына берді. Қазіргі таңда жобалау, жоспарлау жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта орталықта жастарға арналған кітапхана, коворкинг орталы, мәжіліс зал, аудео-бейне жазба орталығы, жастарға қызмет көрсету орталығы мен жастар ұйымдарының бір шаңырақ астына топтастыратын болады. Міне, осы екі жоспарды сәтті іске асыруды жоспарлап отырмын.

– Әңгімеңізге рахмет! Мемлекеттік қызметтегі еңбектеріңіз мерейлі болсын!

Leave A Reply

Your email address will not be published.