«Ұлттың үнжариясына — 100 жыл»

287

Жамбыл облысында қазақ радиосының 100 жылдық мерейтойына орай 2021 жылдың 29 қазан күні «Ұлттың үнжариясына — 100 жыл» тақырыбында жас ғалымдар арасында республикалы ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференция ұлттың үнжариясы Қазақ радиосының 100 жылдық мерейтойына арналды. Іс-шараны Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы, Қазақстан Журналистер одағының Жамбыл облыстық филиалы, «Жаңа-Ру» жастар коалициясы мен «Alem Science» халықаралық ғылыми журналы ұйымдастырды. Пленарлық отырысы Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінде өткізілді.

Мақсаты –Қазақ радиосының қазақ журналистикасындағы маңыздылығын, ерекшеліктерін жастар арасында насихаттау, ақпарат айдынындағы тарихы терең қара шаңырақта қызмет еткен біртуар азаматтардың еңбегін үлгі ету.

 Конференцияға «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанатының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Болатбек Уалихан Болатбекұлы модераторлық жасады.

Іс-шара Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Абдралиев Фархат Үсіпжанұлының құттықтау сөзімен басталды.

Конференцияға филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан жоғары мектебі ғылым академиясының академигі, Қазақ радиосының тарихын 10 жылға ілгерілеткен зерттеуші ғалым Омашев Намазалы Омашұлы, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, сатирик-ақын, «Ақпарат саласының» үздігі, Жамбыл радиосының жетекшісі Әлімқұлов Бақытжан Советұлы, Қазақстан Журналистер одағы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы, «Jambyl-Taraz» қоғамдық саяси газетінің директор-бас редакторы Төленді Дәулет Төлендіұлы қатысып, «Қазақ радиосы қалай ашылды?», «Жасампаз Жамбыл радиосы» тақырыптарындабаяндама жасады.

Сонымен қатар, Қазақ радиосының дауылпаз дикторы Әнуарбек Байжанбаев туралы жас ғалымдар, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенттері Тайжан Гүлнар Едігеқызы, Дурсунова Эсмер Армизовна бандады.

Тәрбиелік-танымдық мәні зор конференцияғареспубликаның жас журналистері (тележурналистика, радиожурналистика, мерзімді басылымдар, интернет журналистика және т.б.), білім беру ұйымдарының, республикалық маңызы бар мектептердің, халықаралық мектептердің педагогикалық қызметкерлері, ЖОО-ның, ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары, студент, магистрант, докторанттар, PhD докторлары және колледж оқытушылары ZOOM платформасы арқылы қатысуға мүмкіндік алды.

Пленарлық отырыс соңында ұйымдастырушылар конференция қонағы Намазалы Омашұлына облыс әкімдігінің атынан ілтипат жасады.

Ал, конференцияның секциялық жұмыстары Жамбыл инновациялық жоғары колледжінде өтті.

Жас ғалымдардың «Ұлт үнжариясының терең тарихы және ақпарат айдынындағы артықшылықтары», «Қазақ радиосында қызмет еткен тұлғалардың журналистика саласындағы дара жолы» тақырыптарындағы ғылыми мақаласын М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Ұстаз институты, ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор Тұрарова Айсұлу Нұрдынқызы және Жамбыл радиосының жетекшісі Әлімқұлов Бақытжан Советұлы бағалады.

Секциялық жұмыстардың нәтижесінде І орынды Нұрмағамбетова Ғалия (Қызылорда), ІІ орынды Дурсунова Эсмер және Бекзат Жұлдыз (Тараз қаласы), ІІІ орынды Абдулла Аружан (Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы) иеленіп, дипломдармен марапатталды. Ал қалған жас ғалымдарға конференцияға қатысқандығын растайтын сертификат берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.