ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫНА 1840 ТҮЛЕК ЖОЛДАНДЫ

96
Аймақта жастар практикасына барлығы 1262 орынға есепті кезеңде 1840 түлек жолданды. Оның оның 1287-і жұмысын аяқтаса, 1046-ы немесе 81,3 пайызы тұрақты жұмысқа тұрды.
Ақылы қоғамдық жұмысқа барлығы 7266 адамды тартуға 4536,2 млн.теңге қаралып, бүгінгі күнге қоғамдық жұмыстарға 9847 адам жолданды.
Осы бағыт аясында «Алғашқы жұмыс орны» жобасы арқылы есепті мерзімге 185 адам жолданды (жоспар – 124 адам). Облыстық жоспар 149,2 пайызға орындалды.
«Ұрпақтар келісім шарты» жобасы арқылы 33 адам жолданды (жоспар-29). «Күміс жас» жобасына 281 адам жолданды (жоспар-249 адам).
Жамбыл облыстық жұмыспен қамту басқармасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.