Қазақстанның ауылшаруашылығы кешенінің дамуы

47
Ауыл шаруашылығы алқаптарына арналған препараттар әзірлейтін мажарстандық Water&Soil компаниясының өкілдерімен кездестім. Кездесуде компанияның жаңа әзірлемелерін Қазақстанда қолдану мәселесін талқыладық.
Атап айтқанда, Water&Soil топырақтағы ылғалды сақтау үшін органикалық препарат әзірлейді. Компания өкілдерінің айтуынша, препарат суару көлемін 40%-ға азайтуға мүмкіндік береді және өсімдіктерді құрғақ кезеңдерде де ылғалмен қамтамасыз етеді.
Кездесу қорытындысы бойынша Қазақ Су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының қатысуымен еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі суару алқаптарында препаратты сынақтан өткізуге келістік. Сондай-ақ, Мажарстаннан келген қонақтар Қазақстанда өз өнімдерін шығаратын зауыт ашуға ниет білдірді.
Қазақстанның оңтүстігінде өнімділікті төмендетпей, суармалы суды үнемдеу үшін озық су үнемдеу технологияларын енгізу қажет. Осы мақсатта жетекші шетелдік компаниялармен келіссөздер жүргізілуде. Егер сынақтар сәтті өтсе, отандық шаруалар тарапынан бұл әзірлемеге үлкен сұраныс болатынына сенімдімін.
Нұржан Нұржігітов, ҚР Су ресурстары және ирригация министрі

Leave A Reply

Your email address will not be published.